Biometric командасы Лозаннада өтетін Seedstars 2020 жаһандық саммитіне Қазақстанның атынан қатысады

675



Нұр-Сұлтанда Seedstars Summit CEE 2019 өңірлік конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық Biometric командасы Лозаннада өтетін Seedstars 2020 жаһандық саммитіне жолдама алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталық, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядан барлығы 8 жеңімпаздар таңдалды. Олар:

- Biometric, Қазақстан – адамның бетін тану технологиясына негізделген қолма-қол  жылдам несие беретін банкоматтар

- Lingwing, Грузия – интерактивті платформа, ол арзан шешімнің көмегімен адамдардың қарым-қатынас жасау дағдыларын 4-5 есе жылдам игеруге мүмкіндік береді 

- iHotel LLC, Монғолия - компания дәстүрлі қонақүйлерді HIP шешімдері арқылы желіге қосылатын заманауи цифрлық объектілерге айналдырады 

- StudyFree, Ресей – әлемнің ЖОО-на түсуге арналған онлайн-платформа

- Jeff, Латвия – телефондық метадеректерді, байланыс ақпаратын, геолокацияны, жүріс-тұрыс үлгілерін және үшінші тұлғалардың деректерін кредиторлармен салыстыра отырып, талдайды

- Velvioo, Армения – қалалардағы мобильділік жөніндегі шешімдерді басқарады, сондай-ақ қалалар мен кәсіпкерлерге мобильділік жөніндегі өз ұсыныстарын іске қосуға мүмкіндік береді

- Skyworker, Украина – бұл технологиялық компанияларға Интернетте меншікті технологиялық қауымдастықтар құра отырып, қызметкерлерді 3 есе жылдам және 2 есе арзан жалдауға мүмкіндік беретін  платформа.

Қатысушы командалар өз идеяларын Швейцариядағы басты сахнада әлемнің 60-тан астам стартаптарымен бірге ұсынуға және акционерлік капиталға инвестиция түрінде 500 000 АҚШ долларына дейін ұтып алуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, Seedstars Summit CEE елордада әлемнің 20 елінен 250-ден астам қатысушыны жинаған болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -