Қазақстан Елшісі Болгарияның Президентіне сенім грамотасын тапсырды

3111



2019 жылғы 16 желтоқсанда Софияда Болгария Президентнің Әкімшілігінде Қазақстан Республикасының Елшісі Теміртай Ізбастинның Болгария Республикасының Президенті Румен Радевқа сенім грамотасын салтанатты тапсыру рәсімі болды. 

Салтанатты рәсімнен кейінгі кездесуде Елші Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Р.Радевтың атына ізгі тілектерін жеткізді. 

Сонымен қатар тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Қазақстанның Елшісі екі ел арасында сындарлы диалог орнағанына тоқталып, Қазақстанның Болгариямен өзара іс-қимылды одан әрі қарқынды дамыта түсуге ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде, Президент Р.Радев екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мен дамытуға әзірлігін білдірді.

Салтанатты рәсім Софиядағы «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоғын қоюмен аяқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -