СІМ-де португал тілін оқыту мәселесі талқыланды

599



ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Камоэнш» португал халықаралық ынтымақтастық және тіл институтының Президенті Луиш Фару Рамошты қабылдады.

Л.Фару Рамош әлемде Португалия мәдениеті мен тілін жылжыту үшін Португалия СІМ қамқорлығымен құрылған «Камоэнш» институтының қызметін ұсынды. Тараптар келесі оқу жылының басынан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында португал тілін оқыту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру үшін өзара іс-қимылдың мүмкін болатын тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

Қазақстанда португал тілін ілгерілету мәселесі басқа португал тілінде сөйлейтін ел – Бразилиямен бірлесіп жүргізілетінін атап өткен жөн.

Р.Василенко жуырда Лиссабонда ҚР Елшілігінің ашылуын және ҚР Елшісінің тағайындалуын айта келе, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының қажеттілігі үшін португал тілді кадрларға деген қажеттіліктің артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, ол Қазақстанда төрт құрлықта таралған португал тілін оқытуды енгізу бойынша қарсы әріптестердің күш-жігерін қолдады.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды. Тараптар ынтымақтастықты тереңдету үшін, атап айтқанда, жастар саясаты, ғылым және технологиялар, мәдениет және спорт, сондай-ақ масс-медиа сияқты бағыттарда шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттілігі туралы түсінушілікке келді.

Сапар аясында португал дипломаты ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мемлекеттік басқару академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ ЕҰУ студенттеріне «Бейбітшілік үшін тіл, әлем бір тілде» тақырыбында дәріс оқыды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -