Нұр-Сұлтандағы саябақтарды абаттандыруда тұрғындар пікірі ескеріледі

477



2020 жылы қала әкімдігі Есіл ауданындағы бірнеше саябақты абаттандыру жұмыстарын жоспарлап отыр. Сол ретте елорда тұрғындары саябақтарды абаттандыру жөнінде қоғамдық талқылау жиындарында өз пікірін білдіре алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қысқы уақыт күн жылынғанға дейін құрылыс жұмыстарын жоспарлағанға жақсы. 2020 жылы Есіл ауданы әкімдігі «Пригородный» (Арнасай көшесі, №110 үй ауданы) тұрғын алабындағы және «Жансая» тұрғын үй кешенінің алдындағы саябақты абаттандыруды жоспарлап отыр. Сол тұрғыда әкімдік қала тұрғындарын мәселені мамандармен талқылап, пікір білдіруге шақырады.

Сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарапынан Айғыржал, Мәди, Жанатай батыр және Исатай батыр көшелеріндегі саябақты абаттандыру жоспарлануда.

Айта кетсек, 20 желтоқсан күні Арнасай көшесінің бойындағы, яғни «Пригородный» тұрғын алабындағы саябақтың абаттандырылуы туралы №24 орта мектебінде, ал «Жансая» ТК алдындағы саябақты абаттандыру жөнінде Есіл ауданы әкімдігінде тұрғындардың талқылауы өтті.

Қоғамдық талқылаудан қалыс қалмаған Руслан Қонақбаев тұрғындардың пікірі маңызды екендігін атап өтті.

«Урбанистика орталығында Есіл аудандық әкімдігімен бірлесіп «Пригородный» тұрғын алабындағы саябақты абаттандыру жөнінде қоғамдық талқылау өтті. Талқылауда тұрғындар тарапынан қаттырақ айтылды. Бірақ шара сол үшін де ұйымдастырылды. Кездесудің пікірталасқа толы өткені, тұрғындардың белсенділігі қуантты. Осындай форматты жақсы тәжірибеге айналдыру керек», – деп жазды Fasebook желісінің қолданушысы Руслан Қонақбаев.

Келесі қоғамдық талқылау Айғыржал, Мәди, Жанатай батыр және Исатай батыр көшелеріндегі саябақты абаттандыру бойынша 28 желтоқсан күні №69 орта мектебінде өтпек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -