Қарызды қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталады

688



Егер сіз өзіңіздің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ресімделген валюталық ипотекалық қарызыңызды қайта қаржыландырғыңыз келсе, таяудағы екі апта ішінде өзіңіздің кредитор банкіңізге өтініш жасау қажет.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Бұл мерзім аяқталған соң банктер қарыз алушыларға заңнамада көзделген, берешекті өтеуге бағытталған шараларды қолдануға құқылы.

Таратылатын банктердегі валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.

Қайта қаржыландыру кезінде шетел валютасындағы қарыздар Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге болған бағамы бойынша теңгеге аударылады. Бүгінгі күні бір АҚШ доллары үшін бағам 386 теңгеге жуық екендігін ескере отырып, Бағдарлама қарыз алушылардың борыш жүктемесін екі еседен астам азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға қайтарымды негізде 156 млрд теңге бөлді.

Время kaz.png

 

фото: Washington State

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -