Сенатор Д.Нұржігітова көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты

575



Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігітова Рейкьявикте «Women Political Leaders» қоры, Исландия Үкіметі мен Парламенті ұйымдастырған көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты.

Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен саяси, бизнес, академиялық қауымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ UN Women ұйымынан барлығы 500-ге жуық өкілдер қатысты.

Форумның негізгі мақсаты ең үздік тәжірибелерді алмасу, күн тәртібіндегі гендерлік мәселелерді, оның ішінде саяси шешімдер қабылдаудағы, жанжалдарды болдырмау және реттеудегі әйелдердің рөлін ілгерілету және басқа да мәселелер болып табылады.

Шара аясында Д.Нұржігітова Альтинг (Исландия Парламентінің) Төрағасы Стейнгримур Сигфуссонмен және басқа елдер парламенттерінің өкілдерімен кездесті.

Көшбасшы әйелдердің жаһандық форумы 2017 жылдан бері жыл сайын әлемдегі ең солтүстік астана - Рейкьявикада өтіп келеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -