«Жастар – адал болашақ үшін»: ақмолалық студенттер жемқорлыққа қарсы челленджге бастау берді

945

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы «Zerek» балабақшасында болды.
 

Айта кету керек, мемлекеттік тілде оқытатын 280 орындық балабақша ағымдағы жылдың қыркүйек айында жұмыс істей бастады. Ол ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жабдықталып, осыған орай қаланың басқа мектепке дейінгі мекемелерінен ерекшеленеді.

На изображении может находиться: 26 человек, люди улыбаются, люди стоят
 

Сапар аясында Агенттік Төрағасын балабақшаның оқыту бағдарламасымен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, «виртуалды скалодром» ойын жүйесімен, интерактивті құмсалғышпен, alio сенсорлық дисплейімен таныстыра өтті.

На изображении может находиться: 3 человека, люди улыбаются, люди стоят, костюм и свадьба
 

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері адалдық пен отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Парасаттылық балалардың көзімен» атты студенттік қуыршақ театрының қойылымын ұйымдастырды. Сонымен қатар, тақырыптық халық ертегілері мен балалардың достық пен мейірімділік туралы қойылымдары көрсетілді.

Осы күні «Көкшетау» мәдениет сарайы қабырғасында «AQMOLA – Adaldyq Alaṅy» жастар музыкалық – хореографиялық акциясы өтті.

На изображении может находиться: 10 человек, люди улыбаются, люди стоят и в помещении
 

Іс-шара өңірде танымал және сұранысқа ие болған сатушысыз дүкен ашудан басталды. Одан кейін мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға шақыратын музыкалық-хореографиялық пролог орындады.

На изображении может находиться: один или несколько человек и толпа
 

Бұл акцияның ерекшелігі - Қазақстан Республикасы мен әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульниковтың қойылымы. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы қажырлы еңбек күшін көрнекі түрде көрсетті: яғни залда отырған жігіттерге шегеден қағылған темір шыбықтарды қолмен бүгуді ұсынды. Ер адамдар тапсырманы орындай алмаған соң, Цирульников «тек өз-өзін жеңген және алқызылдыққа қарсы тұратын адам мұны істей алады» деген сөздермен Агенттік Төрағасына мен облыс әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге қолдау көрсету белгісі ретінде осы темір шыбықтарды табыс етті.

На изображении может находиться: 16 человек, толпа

Содан кейін Сергей Цирульников облыс жастарымен бірге тікелей эфирде «Ал біз қазақстандықтардың сенімі үшін» атты челленджін іске қосып, оны басқа өңірлерге табыстады.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев осындай акцияны республиканың басқа аймақтарында өткізуді ұсынды.



Фото: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -