Алматы облысы: Мектеп оқушысы республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы

1978

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ұлдана Рысбек «Білім шыңы» Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Физика пәні бойынша үздік атанған оқушы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқуға 100 пайыз жеңілдікке ие болды.

Оны олимпиадаға аталған мектептің физика пәнінің мұғалімі, білікті жас педагог Жанар Асанова дайындады.

«Олимпиада екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы айналымда қатысушылар аталған пәндер бойынша тест тапсырмаларын орындаса, екінші турда арнайы есептерді шығарып білімі мен білігін сынады. Шәкіртім Ұлдана екі кезеңде де жоғары нәтиже көрсетіп, дайындығының тыңғылықты екенін нақты дәлелдеді» Жетекшісі Жанар Тұрарқызы

Айта кетейік, Республикалық пәндік олимпиаданың басты мақсаты – мектеп оқушыларының ғылыми әлеуетін арттыру және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Білім жарысы жыл сайын Қыздар университетінің бастамасымен физика, математика және информатика пәндерінен 10 және 11-сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Биылғы байқау оқу орнының 80 жылдығына арналып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -