IQala-да елорда тұрғындарына барлық монополистердің қызметі қолжетімді

605



IQala орталығында бір өтініш негізінде төрт монополистің қызметтерін біріктіретін композиттік қызметті енгізу жұмыстары жасалып жатыр. Аталмыш қызметті орталықта немесе онлайн түрде алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сіз жаңа пәтерге көштіңіз бе, бизнес аштыңыз ба, сізге жарық, су немесе электр тоғын қосу қажет пе? Енді әр монополистке бөлек барудың қажеті жоқ, барлық қызметтер бір портал - www.iqala.kz-те немесе Қошқарбаев даңғ., 29 мекенжайында орналасқан Орталықтың кеңсесінде қолжетімді», - деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram-каналында.

Әкім орынбасарының ақпаратына сәйкес, IQala орталығы ашылған сәттен бастап 2203 қызмет көрсетілді. Орталықтың өзінде және онлайн жүйеде елорда тұрғындары 96 қызмет түрін ала алады.

Қазіргі уақытта монополистердің қызметін алуды тұрғындар үшін ыңғайлырақ ету мақсатында төрт монополистің қызметтерін бір жерге біріктіретін композиттік қызметті енгізу жұмыстарын жасалып жатыр. Осылайша, әр адам бір өтініш негізінде барлық монополистермен шарт жасай алады.

«Егер қазір Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пәтерін ТКШ қызметтеріне қосу кезінде бірнеше коммуналдық мекемелерге жүгінуге, ондаған құжаттар жинауға  мәжбүр болатын болса, композиттік қызметтерді енгізгеннен кейін барлық қажетті шарттарға бірден қол жеткізетін болады», - деді М.Бектұрова.

Болашақта  IQala-ға шамамен 25 компания қосылады, 130 қызметті қамтуды жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -