Нұр-Сұлтанда ЖИТС-ке қарсы күрес акциясы өткізіледі

627



22 қарашада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында ЖИТС-ке қарсы күрес акциясы өтеді. Шара аясында барлық ниет білдірушілер дерт жөнінде тегін кеңес алып, АИТВ-ға экспресс-тест тапсыра алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ЖИТС пен АИТВ-ға қарсы күрес бойынша акция Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық орталығының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы тарапынан ұйымдастырылды.

Акция 22 қараша күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОО өтеді.

Оның аясында барлық ниет білдірушілер мамандар кеңесін алып, АИТВ-ны анықтауға арналған инвазивті емес әдіспен жедел-тестілеуден өте алады.

Акция барысында концерттік бағдарлама, викториналар, сыйлықтар таратылатын ойындар өткізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -