ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары атыраулық ардагерлермен кездесті

646


Атырауға іссапармен келген халық қалаулылары Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында әзірленіп жатқан  «Ардагерлер туралы» заң жобасын таныстырды,   – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, свадьба и в помещении

Алқалы жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері құнды екенін айтып,  алдымен өңірде атқарылатын ауқымды жұмыстардың жоспарымен бөлісті. 

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, стол и в помещении

- Басты межеміз  –  отандық экономиканың өрісін кеңейтетін жобаларды іске қосу, ауылдық елді мекендерді дамыту, Жайық жағалауын абаттандыру жұмыстарын, өзге де бітпей тұрған құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, ескі, сұрықсыз нысандарды жою. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, экологиялық ахуал, білім беру, денсаулық сақтау – қоғамдық өмірдің түрлі саласында да үлкен жоспарларымыз бар,  – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 


Ал, жиынның модераторы  ҚР Парламенті  Мәжілісінің  депутаты, ҚР «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов  аталған заң жобасының басты бағыттарына тоқталды.

На изображении может находиться: 9 человек, в помещении

- Осыған дейін республиканың барлық аймағындағы ақсақалдармен байланысып, заң жобасын талқыладық. Айтылған әртүрлі ұсыныстар қараусыз қалған жоқ. Алдымен,  заңда ардагерлердің статусы анықталатын болады. Сондай-ақ, бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерге жеңілдіктер қарастырылған болса, енді бұл қатарға  бұдан бөлек әртүрлі әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерді қосу ұсынысы осы заң жобасында қарастырылады, – деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты, ҚР «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов. 


Халық қалаулыларының  айтуынша,  аталған заң ағымдағы жылы Парламент Мәжілісінің талқысына түседі. 

На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят, стол и в помещении

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде бас қосқан абыздар қоғамдағы өзекті мәселелерді алға тартып,  кейбір заңнамаларға толықтырулар енгізілсе деген ұсыныстарын айтты.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -