Душанбеде қазақстандық сарапшылардың қатысуымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тұстарын түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел өтті

1426



2019 жылғы 20 қарашада Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінде ҚР Президенті К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі тұстарын түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев, қазақстандық сарапшылар, ғылыми, мәдени және іскер топтар, БАҚ пен ТР-дегі қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық институтының директоры Шавкат Сабыров «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы: өзгерістер кезеңі» тақырыбында баяндама жасады. Экономикалық зерттеулер институтының тәуелсіз директоры Шыңғыс Қанапьянов қатысушыларды «Қазақстан мен Тәжікстанның экономикалық контекстегі қарым-қатынасы» тақырыбындағы баяндамамен таныстырды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы билік транзиті, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы туралы кең пікірлер алмасылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -