Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

627



Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцевпен кездесті.

Кездесу барысында шағын және орта бизнес қызметін заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне үнемі назар аударып келеді. Кәсіпкерлік пен инвестициялар мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамалық база жетілдіруді қажет етеді деп санаймын. Бүгін осы сала өкілдерін тыңдау, көтерілген мәселелерді талқылау және шешімдер ұсыну - біз бен сіздің міндетіміз», - деді Дариға Назарбаева.

Дмитрий Казанцевтің айтуынша, бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру және жеке кәсіпкерлік қызметінің түрлерін реттеу мәселелерінде бірқатар өзекті мәселелер бар. Шағын және орта бизнесті жіктеуді қайта қарау қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту – бөлек мәселе. Д.Казанцев сондай-ақ сенаторларға еліміздің шалғай елді мекендерінде тегін заң кеңестерін көрсету үшін әкімшілік ресурстардың жетіспеушілігі туралы хабардар етті.

Дариға Назарбаева өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бастамаларына қолдау білдіріп, Сенат депутаттары мен кәсіпкерлердің талқыланған мәселелерді шешу үлгілерін әзірлеу үшін бірлескен жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -