Қазақстан ОПЕК-пен әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруына бағытталған ынтымақтастықты жалғастырады

402



Қазақстан ОПЕК+ елдерімен белсенді ынтымақтастықты жүргізуде және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады.

Осы орайда, 2019 ж. 5 желтоқсанда ҚР Энергетика вице-министрі М.Жүребеков бастаған Қазақстан Республикасы делегациясы әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған қолдануға қажетті шаралары жөніндегі тиісті ұсыныстарын берген ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 17-ші отырысына қатысты.

2019 ж. 6 желтоқсанда ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің 7-ші кездесуіне қатысты. Отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады және мұнай өндіру көлемін 2018 ж. қарашадағы деңгейін алғанда 1,7 млн. барр./күн төмендетуге қол жеткізді.

Қазақстан үшін осы ұзарту мұнай өндірісін қосымша 17 мың барр./күн көлеміндегі қысқартуды білдіреді. Осылайша, Қазақстанның 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған қолданыстағы келісім шеңберіндегі міндеттемесі 1,843 млн. барр./күн құрайды.

Айта кетері, Қазақстан өндірісті қажетті деңгейден (1,86 мың барр./күн құрайды) 56 мың барр./күн көліміне азайтып, 2019 жылдың 11 айының нәтижелері бойынша мұнай өндіруін қысқарту бойынша міндеттемелерін асыра орындады.

Сонымен бірге, кездесу барысында жобасы 2019 ж. 2 маусымда 6-шы министрлік отырысында келісілген ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы Хартиясына қол қою рәсімі орын алды. Аталған құжат ОПЕК+ шеңберіндегі ынтымақтастық үшін институционалдық негізін құрайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -