Атырау жастарының арасындағы жұмыссыздық – елдегі ең төмен көрсеткіш

653


Атырау облысындағы жастардың  жұмыссыздық деңгейі – 2,4%. Бұл  республика бойынша ең төмен көрсеткіш, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 
Бұған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды оңтайлы жүзеге асырудың арқасында қолжеткізілді дейді Жастар саясаты жөніндегі басқарма өкілдері. 

- Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айына «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолдама берілген 1 235 жастың, оның 383-і тұрақты жұмысқа орналасты. 2 200 адам – «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының маусымдық – көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс жұмыстарына тартылды. Сондай-ақ, облыс бойынша «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында төрт мыңнан астам жас тұрақты жұмыспен қамтылса, жүзден астам жас әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, екі мыңнан астам жас қоғамдық жұмыстарға кірді, - деді, Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспан.


Айта кетейік, облыс бойынша 92 мың жас экономикалық белсенді топқа жатады.


Фото : pixabay.com
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -