Перейти к основному содержанию
15 Марта 2019  17

21 наурыз күні таңғы уақытта Алматыдағы кейбір көшелерде қозғалыс қиындайды

21 наурыз күні таңғы уақытта Алматыдағы кейбір көшелерде қозғалыс қиындайды

Абай мен Абылай хан даңғылдарында мерекелік «Наурыз шеруі» өтеді.

Арнайы киім киген 2 мыңға жуық адам қатысатын мерекелік шеру таңғы сағат 10:00-де Қазақ мемлекеттік циркінің алдында бастау алмақ. Шеруге қатысушылар Абай даңғылының оңтүстік бөлігімен жүріп, Абылай хан даңғылына бұрылады да, Қабанбай батыр көшесімен төмен қарай жылжиды. Ол жерден оңға бұрылып, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына жетеді.

Жалпы, ауқымды мерекелік шаралар 21 наурыздан 24 наурызға дейін жалғасып, оңтүстік астананың жеті алаңында: Астана алаңында, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде, Almaty Arena және Halyk Arena мұз кешендерінде, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде және «Атакент» көрме орталығының алдындағы алаңда өтеді.

Көлік жүргізушілерінің осы жағдайларды ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлағандары жөн.

 

Kolesa.kz