Перейти к основному содержанию
24 Мая 2019  10

Алматыда 27 фонтандар салынды және қалпына келтірілді

Алматыда 27 фонтандар салынды және қалпына келтірілді

Алматыда жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жаңа субұрқақтар салу мен «ұмыт болғандарын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Құрманғазы атындағы консерватория ғимараты алдындағы ең көне музыка аспабы - домбыра түрінде жасалған фонтанды көрді.

Қаладағы алғашқы субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында100-ге жуық фонтандар бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салынды және қалпына келтірілді.

Биылғы жылы Достық даңғылын Құрманғазы, Жамбыл көшелерінің қиылысында реконструкциялау барысында және Абай атындағы ҚҰПУ алдында үлкен фонтан кешенін және екі құрғақ субұрқақ салу жоспарланған. Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек Тұңыш Президент атындағы парктегі орталық фонтанды реконструкциялау және М.Әуезов атындағы драма театры алдындағы субұрқақ конструкцияларының 50 және одан көп пайызға ескіргеніне орай қайта жасауды тапсырды.

Биылғы жылы қалалықтарды Абай даңғылындағы, Спорт және туризм академиясы алдындағы, бұрынғы Түрксіб ауруханасы алдындағы жаңа фонтандар қуанышқа бөлейді. Назарбаев даңғылы бойындағы ҚТЖ ғимараты алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнында жаңа фонтан пайда болды. Оларға жақын маңға бірнеше құрғақ субұрқақтар салынды.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітов көшесінің арасына фонтан салынды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы бос тұрған субұрқақ жөнделді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында бірнеше жаңа фонтандар пайда болды. Абылай хан даңғылы бойындағы Шевченко мен Қарасай көшелерінің қиылысындағы ескі субұрқақтар реконструкцияланды. Бұлардан өзге, Алматы-2 теміржол вокзалы алдында құрғақ субұрқақ іске қосылды.

Жаяу жүргінші кеңістігін қалыптастыру кезінде Панфилов, Жібек жолы көшелері мен «Астана» алаңында жеті фонтан салынды. Қайта жасалған Орталық саябақтың шығыс жағына жазғы сахна жанында алма ағашы бейнеленген жаңа фонтан пайда болды.

Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған ескі субұрқақ жөндеуден өтті.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60%, 600 көше мен 1400 ескі аулалар жөнделді.

Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 2000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамтитын тағы 600 ауланы жөндеу жоспарланған. 120-дан астам көшеде орташа жөндеу басталды. Бұлардан өзге қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда.

Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.

Баспасөз қызметі  almaty.gov.kz