Перейти к основному содержанию
11 Февраля 2019  13

Астанада құбылмалы ауа райы сақталады

Астанада құбылмалы ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері аздаған қар жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігініңресми сайты.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 12 ақпанда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С.

13 ақпанда көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 5-10 м/с жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -8-10°С.

14 ақпанда көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С көрсетеді.

фото: astana.gov.kz