Перейти к основному содержанию
26 Марта 2019  47

Астананы қайта атауға орай ұйымдастырылған акцияға жүздеген адам қатысты

Астананы қайта атауға орай ұйымдастырылған акцияға жүздеген адам қатысты

Бүгін қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда ел астанасын Нұр-сұлтан қаласы деп қайта атауға арналған концерт өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

рлолл76гнео

Мерекелік шараға шығармашылығы Қазақстан астанасының даму тарихымен тығыз байланысты жас әртістер қатысты. Эстрада әртістері, аспаптық жобалар мен би ұжымдары қаланы қайта атауға қолдау танытты.

Қалалық алаңда қоғам, мәдениет, спорт сияқты салалардың өкілдері, студенттер, елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше акцияға 800-ге тарта адам қатысқан.

Сахнада ағайынды Жүгінісовтер, Дос, «Gentlemen» тобы, «Qaz Made» инструменталды триосы, «Di-Art Style», «Рахат Лукум», «Шоколад» топтары, Ақтоты Болышева және Айнұр Әбдиева өнер көрсетті.

Келушілерді өзінің әлемдік рекордын елорданың 20 жылдығына арнаған қазақстандық палуан Сергей Цырульников та қуантты. 2018 жылдың шілдесінде Сергей салмағы 37 тонна болатын тепловозды 20 метрге сүйреген-ді. Бүгін ол көрермендерге тағы да бірнеше жаттығуды көрсетті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы елорданың оның есімімен аталуына лайық. Жаңа атауға үйрену астаналықтар үшін қиын. Біршама уақыт өткен соң, бәрі де реттеледі деп ойлаймын», –  дейді С. Цырульников.

Елорданы қайта атауға орай шығармашылық зиялы қауым, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, спорт чемпиондары қолдау білдірді.

«Бүгін біз елорданы Нұр-сұлтан деп қайта атауды қолдау үшін жиналдық. Мен бұны Ұлт көшбасшысының отыз жылдық еңбегінің мойындалуы деп білемін. Мен біздің көп болғанымызды қалаймын», – дейді  Қазақ технология және бизнес университетінің студенті, «Астана аруы – 2018» байқауының жеңімпазы Еркеназ Сейфулла.

«Мен Тұңғыш Президентімізді қолдаймын да, құрметтеймін де. Мен халықаралық аренада  Қазақстанның намысын қорғаймын.  Нұр-сұлтан Астана атауына қарағанда көңілге қонымды сияқты.  Спортшылар жаңа атауды қолдайды. Біздің Тұңғыш Президентіміз соған лайық», – дейді бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольнова.

                                                                       

«Барша астаналықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қала енді Нұр-сұлтан деп аталатын болды. Меніңше, оның нағыз атауы – осы. Нұр-сұлтан атауында «қалалардың сұлтаны», «шуақты» деген мағына жатыр. «Нұр-сұлтан» атауының өзі де ерекше естіледі. Біріншіден, бұған біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев лайық. Ол осы қаланың және республикамыздың дамуына еңбек сіңірді», – деді М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов.  

Источник: Астаны қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы