Перейти к основному содержанию
11 Февраля 2019  15

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

Өрттің алдын алу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы ЖПҚ қызметкерлерімен, «Қызыл Жарты Ай» еріктілерімен және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, елорданың жеке тұрғын үй секторларында аула аралау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

Өткен демалыс күндері елордалық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру және алдын алу бойынша қаламыздағы төрт ауданның  («Сарыарқа», «Алматы», «Есіл» және «Байқоңыр») жеке тұрғын үй секторларында ауқымды рейд жүргізді.

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

«Аралау барысында үй иелеріне өрт кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газ аспаптарын күтіп-ұстауға және пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, мамандар азаматтарды жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау ауыр қайғылы жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін», – деп ескертті ТЖД-де.

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

Өткен аптада ведомствоның қызметкерлері 18297 адам тұратын 6099 үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы 10 мыңнан астам жадынамаларды таратты. 

Департамент жыл сайын жылыту маусымы алдында өрт қауіпсіздігі айлығын жүргізеді, айлық шеңберінде қызметкерлер аулаларды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді.

Тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:

- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;

- жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен мұржаны күлден, күйеден тазартыңыз;

- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға  жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;

- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пешке жақын орналастыруға тыйым салынады;

- заттарды, киімдерді пешке жақын жерде кептірмеңіз;

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.

Елордалық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй секторларында қайта тексеру жұмысын жүргізді

фото: astana.gov.kz