Қазақстан Елшісі Карцаг қаласына жұмыс сапармен барды

734



2020 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Елшісі Ж.Әбдрашов Карцаг қаласына (Мажарстан) жұмыс сапармен барды.   

Сапар аясында Елші Карцаг қаласының тумасы болып табылатын Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі М.Варгамен, «Қыпшақтар одағының» Құрметті Төрағасы Ш.Фазекаш және «Қыпшақтар одағының» қазіргі Президенті Ш.Ковач сияқты Мажарстан Парламентінің депутаттарымен, сондай-ақ Карцаг қаласының мэрі Л.Добошпен кездесті.   

Кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы саясат, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастың, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, ағымдағы жылы Карцаг қаласында бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу мәселелері де талқыланды.     

Елші сапарының шеңберінде Карцаг қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығының кеңсесіне барып, Мажарстандағы ҚР Құрметті консулы Л.Хорватпен жеке кездесу өткізді.   

Сапар соңында Елші Ж.Әбдрашов «Karcag.TV» жергілікті арнасына сұхбат беріп, Қазақстанның Мажарстанмен ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларына тоқталды. Сондай-ақ, «Дьерфи Иштван» атындағы музейге барып, қыпшақтар мұрасымен танысты.      

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -