Ақмола облысының мемлекеттік органдары ашықтық пен қолжетімділікке бағыт алды

753

 

«Ақмола - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы Арнайы мониторингтік тобымен бірлесіп аумақтық Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 

Кездесу барысында жобалық кеңсенің басшысы Самира Тайтенова мен Арнайы мониторингтік топтың басшысы Владислав Шуль өткен жылдың жұмыс қорытындылары туралы, атап айтқанда, «Ақмола - Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар және әр түрлі қызмет салаларында жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы айтып берді. Сонымен қатар, спикерлер алдағы жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарларымен бөлісті.

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении
 

Айта кету керек, бірлескен ынтымақтастық шеңберіндегі алғашқы қадам «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында аумақтық Әділет департаменті басшылығының қатысуымен Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн – конференция өткізу болды. Тікелей эфир барысында келіп түскен азаматтардың өтініштері Әділет департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении
 

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, қол жетімділігін және айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесімен орталық мемлекеттік органдарда жобалық кеңселерді құруда, оның ішінде ҚР Әділет министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бүгінгі күні Ақмола облысы Әділет департаментінде аймақтық жобалық кеңсе жұмыс істейді, оның басты міндеті азаматтардың проблемалық мәселелерін қарау, әкімшілік кедергілерді және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту, сондай-ақ парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -