Қазақстан делегациясы Берлиндегі "Жасыл апта" азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуда

319



ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов және Қазақстан делегатының мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың жетекшілігімен 85-ші халықаралық «Жасыл апта-2020» ауыл шаруашылығы және азық-түлік көрмесіне қатысты.

Ашылу салтанатында ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрі Юлия Клёкнер алғы сөзімен қатысушылар алдында сөз сөйледі. «Жасыл апта» 1926 жылдан бастап өткізіліп келеді және әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесі-жәрмеңкесі болып табылады. Осы жылы 72 елден 1800 ұйымның өнімі көрсетілген.

Көрменің аясында 2020 жылғы 16 қаңтарда Елші Д.Кәріпов пен қазақстандық делегаттың «Аграрлық-саяси диалог» бірлескен қазақстан-герман жобасының өкілдерімен және «Claas KGaA mbH» компаниясының басшыларымен кездесулері өткізілді. Кездесулердің шеңберінде ауыл шаруашылығы және Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылық техникасын шығару бойынша бірлескен өндіріс құру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -