ҚР Елшісінің Малайзия Премьер-Министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен кездесуі туралы

490



2020 жылғы 28 қаңтарда Путраджая қаласында ҚР Елшісі Б.Иманбаев Малайзия Премьер-Министрінің Экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі д-р Мухаммед Абдул Халидпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақстан Елшісі қазіргі уақытта екіжақты тауар айналымының оң серпіні байқалып, 2019 жылдың 11 айында оның көлемі 634,8 млн. АҚШ долл. құрағанын атап өтті.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталдық магистралін, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын және Ляньюнган портын пайдалана отырып, Қазақстан мен Орталық Азиядан АСЕАН-ға және Малайзиядан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне және Еуропаға дейін жүк тасымалының өзара айналымын ұлғайтудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы пікір алмастырылды. Елші Қазақстан Орталық Азия, ЕАЭО және Еуропа нарықтарына жол бойындағы малайзиялық тауарлар мен қызметтер үшін аймақтық өндірістік база және логистикалық хаб бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда исламдық қаржыландыру мен халал индустриясын дамытудағы Малайзияның тәжірибесін қолдану мәселелері талқыланды.

Б.Иманбаев сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелердің нақты және жүйелі түрде шешу мақсатында Бірлескен сауда-экономикалық комитет, сондай-ақ Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі шеңберінде құрылған жұмыс топтарының өзара іс-қимыл тетіктерінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, Премьер-Министрдің кеңесшісі екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеует және екіжақты өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерінің тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -