Перейти к основному содержанию
15 Марта 2019  28

Маск: Қазақстанда Tesla-ны қуаттайтын бекеттер болады

Маск: Қазақстанда Tesla-ны қуаттайтын бекеттер болады

Инженер, миллиардер және Tesla-ға идеялық шабыт беруші Маск тікелей эфирде Қазақстан туралы айтып қалды.

Бүгін Tesla Model Y үлгісінің таныстырылымы кезінде Маск Tesla компаниясы өндіретін электромобильдерді қуаттауға арналған Supercharger бекеттерінің 2019 жылы Еуропаның түкпір-түкпірінде пайда болатынын айтты. Ал әлемнің басқа дай аймақтары жайлы сөз қозғалған сәтте залда отырғандардың бірі, шамасы біздің отандасымыз болса керек, «Kazakhstan!» — деп дауыстады.

Маск жымиып, тесламобильдердің қазақстандық табынушыларын ерекше атап өтті:

— Қазақстан. Шын мәнінде Қазақстанда бізді белсенді түрде қолдайтындар бар. Бізге бұл жайында жақсылап ойланып, Қазақстанда «суперчарджер» салған жөн болады. Бұл қателікті түзету қажет.

Supercharger — бұл Tesla электромобильдерінің айтарлықтай көлемді батареяларын жылдам (30-40 минутта 80 %-ға дейін) қуаттауға мүмкіндік беретін қарқынды қуаттау станциясы.

Tesla сайтында көрсетілген қуаттау бекеттерінің картасынан Supercharger бекеттерінің негізінен Солтүстік Америкада, Еуропада, Азияда және Аустралияда көптеп салынғанын аңғаруға болады. Қазіргі таңда әлемде 12.8 орны бар 1 441 Supercharger бекеті жұмыс істеп тұр.

 

Kolesa.kz