Сенатор Алматы халықаралық әуежайында отандық азаматтық авиацияның өзекті мәселелерін талқылады

295



Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева жұмыс бабындағы сапармен Алматыда болған кезде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің және Алматы қаласының даму мәселелері, сондай-ақ отандық азаматтық авиацияның проблемалары мен келешегі талқылады.

Динар Нөкетаева Парламент Сенатының заң шығару жұмысымен таныстырды. 2020 жылдан бастап аз қамтылған және көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерінің жетілдірілгені және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізілгені туралы айта келіп, сенатор әлеуметтік көмектің жаңа сипатына назар аударды.

Әуе тасымалы саласының қызметкерлері өз кезегінде әуежай жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып, жолаушыларға әрдайым сапалы қызмет көрсетуге ерекше назар аударылатыны және мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, әуежай басшылығы компанияның барлық қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатыны туралы айтты. Олар сондай-ақ білікті мамандардың жетіспеушілігіне алаңдаушылық білдірді.

Динар Нөкетаева кездесуді қорытындылай келіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттердің маңызын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -