ҚР Елшісі «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының депутаттарымен кездесті

564



2020 жылғы 29 қаңтарда Болгария Парламентінде ҚР Елшісі «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының депутаттарымен кездесті. Кездесуге Парламенттің түрлі саяси партияларының өкілдері қатысты.

Cұхбаттың арнайы тақырыбы ретінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы және Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің екінші отырысында жарияланған реформалары болды. Аталған президенттің Жолдауы мен реформалардың негізгі ережелері қатысушыларға егжей-тегжейлі жеткізілді.

Сонымен қатар,  кездесу барысында Қазақстан мен Болгария арасындағы парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды. Осы жылы Болгария Президенті Р.Радевтің Қазақстанға сапарын және София қаласында Қазақстан-болгар экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметтаралық комиссия 5-ші отырысын ұйымдастыру маңыздылығы атап өтілді.

Өз кезегінде, Болгарияның депутаттары ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастаған реформаларға қатысты оң пікірлерін білдіре отырып, бұл бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестіктерін білдірді. Депутат Б.Ячев, өз жағынан Қазақстан табысты дамушы ел болып табылатындығын және екі елдің парламентаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейінде дамып жатқандығын хабарлады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың болгар тіліне аударылған Қазақстан халқына Жолдау брошюралары және басқа да имидждік өнімдері болгар депутаттарына табысталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -