Ақтөбелік полицейлер “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

474



Ақтөбе облысында өткен жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде мал ұрлығына қатысты 12 адам, 2 қылмыстық топ ұсталып, 13 адам есепке алынды.

Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылдың 24-28 ақпан аралығында заңсыз сатып алумен, өткізумен, союмен, мал және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға және есепке қоюға, сондай-ақ бұрын жасалған мал ұрлығын ашуға және оларға қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 11 мал ұрлығы фактісі ашылды, оның ішінде 8-і өткен жылғы, 2-і бұрын жасалған және 1-і кезекші тәулікте ашылған қылмыс.

Мысалы, Шалқар ауданында екі жыл бұрын орын алған түйе ұрлығы ашылды. 2018 жылы еркін жайылымнан түйе ұрланған еді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 106 автокөлік, 50 ет өнімдерін сату орны және 135 шаруа қожалығы тексерілді. Мал және ет өнімдерін тасымалдау кезіндегі құқық бұзушылықтар анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша жалпы 30 хаттама толтырылып, ветеринарлық қызметке жіберілді.

Мал ұрлығына қатысты 12 адам, 2 қылмыстық топ ұсталып, 13 адам есепке алынды.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жергілікті атқарушы органдар құрған арнайы қораларға орналастыру бойынша 5 дерек бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -