Шекарада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

585



Түркістан облысының полицейлері “Имеректің” көмегімен марихуана тәркіледі.

Оқиға “Жібек-Жолы” бақылау бекетінде болған. Шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбек азаматын Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің полицейлері қолға түсірді.

Полицейлер Өзбекстанға қарай жаяу өтіп бара жатқан азаматтың жүрісіне күдіктенеді. Сол мезетте шекарашылардың “Имерек” атты иісшіл иті де өз-өзінен мазасызданып, күдіктіні айналшықтап тұрып алады. Ер азаматты тексеріп шыққан сақшылар аяқ киімінің ішінен есірткіге ұқсас жасыл түсті затты табады.

Сараптамаға жолданған зат 1,5 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Өзбек азаматы бірден қамауға алынды. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Осылайша, иісшіл иттің арқасында полицейлер қылмыстың алдын алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -