Алматыда 700-ден астам жер телімі заңдастырылды

380



Бүгін Алматыда қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Halyk Arena көпсалалы кешеніне 3,2 мыңнан астам адам жиналды.

Мегаполис тұрғындары жер учаскелері мен жеке тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесін көтерді.

"Бүгінде 700-ден астам жер телімі заңдастырылды", — деді әкім.

Қалған 200 учаскі су қорғау аймағында немесе қызыл сызықта орналасқан. Осыған байланысты Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен қажетті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қалада 2192 жеке тұрғын үй заңдастырылды. Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылды. Оған 979 меншік иесі өтініш білдірді.

Мәселені шешу үшін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір ықшамаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Бұл олардың үй құрылысын заңдастыруға мүмкіндік берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -