Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылықтың меңгерушісі Әзербайжанға сапар шекті

844



2020 жылғы 31 қаңтардан 2 ақпанға  ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Баку қаласына келді.  

Қазақстандық делегация әуелі Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне барып, тағзым етті. Артынша Әзербайжан ұлттық қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.   

Жансейіт Қансейітұлы өз кезегінде ұйымдастырушы тарапқа алғасын айтып, осындай шаралар екі ел арасындағы эникааралық қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеріп, байланысты бекіте түсетінін жеткізді. 

ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мен бауырлас ел Әзербайжанды тарихтан белгілі достық қарым-қатынас байланыстыратынын алға тартты. 

«Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекетіміздің белсенді мүшесі саналатын 110 мың этникалық әзербайжан өмір сүріп жатыр.     

Олардың басым бөлігі атап айтсақ, Түркістан облысында (32,6%), Алматы мен Жамбыл облысында, Алматы мен Шымкент қаласында да көптеп кездестіруге болады. Атап өтілген бес аймақта жалпы саны 72,2% әзербайжан бар».

Әзербайжандықтардың тілін, мәдениетін және халықтық дәстүрлерін жаңғырту мақсатында Қазақстанда 32 әзербайжан этномәдени бірлестігі құрылды: 1 республикалық деңгейде, 8 филиал мен өкілдік, 23 жергілікті этномәдени бірлестік.

Этнос өкілдері Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларына, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларының шешімдеріне, Алғыс айту күніне, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күні сынды бірқатар маңызды іс-шараларға қатысады.

Қазақстандағы әзербайжандарды «Тұран» Әзербайжандар Конгресі біріктіреді. А.Хамедов басқаратын «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2007 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келе жатыр. 

Жансейіт Қансейітұлы саны бойынша әзербайжандар Қазақстан халқының 10-ыншы екенін тілге тиек етіп, санақтың жылдан жылға артуын хабарлады. 

«Әзербайжан тілі әзербайжан этнолингвистикалық мектептерінде оқытылады. Еліміз бойынша олардың саны 7 және Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 13 топ».

Сөзін қорытындылай келе, Жансейіт Түймебаев «Әзербайжан этникалық тобының мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамыту үшін, әзербайжандарды республиканың қоғамдық және мәдени өмірінің барлық салаларына белсенді тартуға және ынтымақтастықты жалғастыруға әрі барлық қажетті жағдайларды жасауға» дайын екендігін білдірді.

Іс-сапар барысында Әзербайжан Республикасының диаспорамен жұмыс бойынша Мемлекеттік Комитетінің Төрағасы Ф.Мурадовпен, Әзербайжан Республикасының Діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы М.Гурбанлимен және Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі - Әзербайжан Республикасы Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Х.Гажиевпен, Баку Мемлекеттік Университетінің ректоры Эльчин Бабаевпен және Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Г.Эфендиевамен кездесті. 

Екіжақты қатынастардың жарқын серпінін бағалай отырып, Қазақстан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -