300-ден астам жасөспірім түнгі жүрістері үшін жауапқа тартылды

330


Түркістан облысы полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 300-ден астам құқық бұзушылықтарды анықтады.


Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 2020 жылы 20-22 ақпан күндері аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Аталған іс-шарасының қорытындысымен Ішкі істер органдарына–357 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғаны-1, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін –333 жасөспірім жеткізілген.

Жалпы, шара барысында құқық бұзушылыққа бейім– 47 кәмелетке толмаған жасөспірім және 44 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға-29 іс-құжат жолданды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 333 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нақтырақ айтсақ:
  • Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 21 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
  • Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 12 ойын-сауық орындарының иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сатқаны үшін 13 тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 133-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандардың жасаған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 6 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүрген 3 жасөспірім анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 17 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.
  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 251 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -