Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы сараптама жасалды

903

Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменттің «Antikor» сервистік орталығындаҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша семинар өтті.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – өңіріміздегі орталық жəне жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру.

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят, стол и в помещении

Жиынға Агенттіктің өңірлік департамент қызметкерлері, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, облыстық ақпараттық-ағарту Штабының мүшелері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен докторанттары, қоғам өкілдері, заңгерлер қатысты.

Семинар барысында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қорының президенті, Республикалық Арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Зəуреш Батталова нормативтік құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық диалогтық сұхбат құрды.

Тыңдаушыларға сараптама жасаудың негізгі қағидалары мен жүйесін, техникасы мен мақсатын, сараптама өткізудің мерзімдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымын, мазмұны мен ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне қатысты құнды ақпараттар берілді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін Заңнама институтының ғылыми жетекшісі, Республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Ғабдуал иев практика жүзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу процесіне кеңінен тоқталып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл механизм заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Шара соңында қатысушыларға тақырыпты кеңінен түсіндіру мақсатында практикалық жаттығулар ұйымдастырылып барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -