Ұлттық қордың операциялары

385



Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ бағам саясатының айқындылығын және оған деген сенімді арттыру мақсатында, Ұлттық Банк ресми интернет-ресурста Ұлттық қордың конвертациялары мен трансферттерінің көлемі туралы ақпаратты жариялауға кіріседі. 

Ақпарат «Статистика» бөлімінде ай сайын жарияланады және онда Ұлттық қордан бөлінген трансферттің, алдыңғы айда жүргізілген операциялардың көлемі туралы мәліметтер қамтылатын болады. 

Нет описания фото.

Ұлттық қордың 2020 жылғы қаңтардағы операциялары

2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан бөлінген кепілдік берілген трансферттердің көлемі 575 млрд теңге болды. 

Кепілдік берілген трансферттерді бөлу мақсатында, ең алдымен, 2019 жылғы қарашада және желтоқсанда Ұлттық қорға нетто-түсімдердің көп түсуіне байланысты толықтырылған Ұлттық қордың теңге шотындағы қаражаттың қалдығы пайдаланылды.

Теңге шотындағы қалдықты ескере отырып, сондай-ақ 2020 жылғы қаңтарда Ұлттық қорға түскен түсімдердің есебінен кепілдік берілген трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк жалпы сомасы 489,4 млн АҚШ долларына (185,9 млрд теңге) Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау  операцияларын жүргізді.

Кезеңі 

Ұлттық қордан бөлінген трансферт 

Сату көлемі

млрд теңге

млн АҚШ доллары

млрд теңге (баламасы)

2020 жылғы қаңтар

575

489,4

185,9



фото: Toppress.kz
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -