Toyota Camry жүк тиеушіні қағып кетті

238



Ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға Алматыдағы Желтоқсан мен Мәметова қиылысына жақын маңда болған. Бейнетіркеуішке жазылған видео кадрларынан Toyota Camry-дің бірінші қатардан сол жақ шетке ауыспақ болғанын көруге болады. Маневр жасау барысында рөлдегі азамат шетте тұрған Foton жүк көлігін байқамай қалады.

Дәл осы уақытта «Фотонның» бүйір жағында жүк тиеуші тұрған. Toyota оны бар жылдамдығымен соғып, жүк көлігінің оң жақ есігін жұлып кетті. Tengrinews.kz хабарлағандай, екі аяғы сынып, тағы бірнеше жарақат алған ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Toyota Camry сбила грузчика. Видео с регистратора
Toyota Camry сбила грузчика. Видео с регистратора
Toyota Camry сбила грузчика. Видео с регистратора

Бейнежазбадан седан жүргізушісінің жол ережесін бірнеше рет бұзғаны байқалады. Ол жылдамдықты асырып, маневр жасау ережелерін бұзған. Жүк көлігі де дұрыс қойылмаған. Себебі жол қозғалысы ережелерінің 12.2-тармағына сәйкес, конфигурациясы көлік құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, көлік құралын жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi.

Оған қоса, 12.7-тармақта өзге қозғалысқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше, көлiк құралының есiгiн ашуға, ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынатыны жазылған.


Kolesa.kz

Фото: www.tengrinews.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -