Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдай кезінде 56 кәсіпкер жауапқа тартылды

406

Бүгінгі таңда ел өмірінде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Күнделікті жүргізілген түнгі рейд барысында, облыс бойынша 303 кафе-мейрамханалар тексеріліп, нәтижесінде 15 наурызынан бүгінгі күнге дейін 56 кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режимін бұзып, түнгі уақытта жұмыстарын жалғастырған.  31 дерек облыс орталығында анықталса, Арал-2, Қазалы-9, Қармақшы-2, Жалағаш-1, Шиелі-3, Жаңақорған-5, Байқоңыр-3 дерек орын алды.

Жоғарыда көрсетілген мекемелердің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 37 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралып, оның 23-не 10 АЕК молшерінде  айыппұл салынса, 14-і әкімшілік қаммаққа алынды.

Сонымен қатар облыс тұрғындарын шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге  ескерту жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан халық арасында алаңдатушылық туғызып отырған коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан 6 адам анықталды.

Олар ұсталып, өз әрекеттерін толық мойындап, өкініп  отырғанын айтты.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс тұрғандарына: «Жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетіндігін» - ескертеміз.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -