Алтай Көлгінов "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті

649




Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында азаматтарды қабылдады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй бағдарламасына қатысу, медициналық және атаулы әлеуметтік көмек, жұмысқа тұру, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау және т. б. мәселелер көтерілді.

Қала тұрғыны Е. Назипа ашықтық пен қолжетімділік қасиеттері үшін жауапты мемлекеттік органдарға алғысын білдірді. "Сұрақтар әрдайым өз шешімін табады"-деді ол.

Сондай-ақ, қабылдауға келген тұрғындар үлестік құрылыс мәселелерін көтерді. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл шамамен 8 мың үлескердің мәселесін шешуге көмектеседі. 2019 жылы 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Елорда әкімдігі тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Өтініш білдірген мәселелердің басым бөлігі шешілді, қалғандары бақылауға алынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -