Алматы әкімдігі – ШОБ сауда және қоғамдық тамақтану нысандары бойынша нақтылы шешімдер алатын болады

590



Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев пен «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Санжар Ізтілеуов қала әкімдігінің құзыретін кеңейтуге қатысты қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы әңгімеледі
.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі ең ірі үш қала әкімдіктерінің құзыретін кеңейтуді тапсырған болатын. Тиісті құжат 2019 жылдың 28 желтоқсанында қабылданды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін дамыту, сонымен қатар жаңа технология саласын ынталандыру мен жасыл желекті қорғау құзыретті кеңейтудің жеке бағытына айналды.

Қала әкімінің орынбасары М. Әзірбаев Алматы қаласы әкімдігінің жаңа құзырет аясында қала мен оның маңындағы аумақтарда сауданың стационарлық емес нысандарын (әрі қарай СЕСО) қоюдың ережесі әзірленетінін және бекітілетінін айтты.

«Аталған ережелерді бекіту қаланың сәулет келбетін жақсартады, жергілікті жердің талабы мен ерекшелігін ескере отырып стационарлық емес сауда нысандары қойылатын орындарды бекітеді, көлеңкелі экономиканы азайтады, салық түсімін арттырады, ШОБ үшін бизнес-ахуалды жақсартатын түсінікті ережелер әзірленеді», - деді Мұхит Әзірбаев.

Мысалы, стационарлық емес сауда нысандарын орнату үшін мынадай талаптар қойылады: жақын маңда баламалы сауда нүктесінің болмауы, инженерлік желілердің болуы, ғимараттарды жауып, сәулет келбетіне нұсқан келтірмеуі, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі жасамаулары тиіс.

Сонымен қатар, Мұхит Әзірбаев айтып өткендей, құзырет аясында қаланың сәулет келбетін қалыптастыру мен қала құрылысын жоспарлау және әзірленетін дизайн-код бекітілген соң ШОБ егер олар тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасатын болса, онда дизайнге қатысты жарна қоятын жерлер және ішке ену мен жақын маңды безендіру бойынша нақтылы шешімдер алатын болады. Бұл кәсіпкерлерге эскизді жобаларды келісу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Алматы – өмір сүру және бизнесті жүргізу үшін өте қолайлы қала.Жыл сайын бірінші қабаттарда орналасқан мейрамханалар мен кафелердің саны артуда. Көктем және күз мезгілінде қалалықтар мен мегаполис қонақтары жазғы кафелерде отырғанды ұнатады. Қала тұрғындарының басым көпшілігі жазғы кафелер, егер олар тарихи орындар мен ғимараттарда орналасатын болса, онда безендірілуі, дыбысы және жабдықтары бойынша белгілі безендіру ережесіне және сәулет нормаларына сай болулары тиіс деп есептейді. Сондықтан осылардың барлығы ескерілуі тиіс», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Заң аясында жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету объектілерін орналастырудың ержелері жасалады әрі бекітіледі. Мұнда жоғарыда айталғандардың барлығы реттеледі.

Мұхит Әзірбаев экологияны жетілдіру және жасылдандыру қорын ұлғайту әрі қорғау жөніндегі жоспарлармен бөлісті.

«Жасыл желекті ұстау және қорғау бойынша Ережені жасау және бекіту жөнінде де құзырет кеңейді. Бұл қаланың жасыл қорын ұстау мен қорғауды дамытады әрі жасыл қорға қанша ағаш отырғызылатыны, оның сапасы мен жасы, жасыл желекті күту бойынша жүргізілетін жұмыстар мен технологиясы енетін болады», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Ереже жасыл желекті заңсыз кесу мен зардап келтіруге қатысты бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Құзырет аясында қалада әлемдік практиканы ескере отырып, мысалы су ресурстарын пайдаланғаны, қоқыстарды орналастырғаны, атмосфералық ауаны қорғағаны және басқалар бойынша жасыл экономика саласының жаңа технологиясын ынталандыру үшін нақтылы шаралар белгіленеді.

Қала әкімінің орынбасары сөзінің соңында негізгі құзыреттерден өзге, заңнамалық өзгерістер мен толықтырулардың көлік, еңбекпен қамту салаларын дамытуда, медициналық қызметтің сапасын арттыруда Алматы әкімдігінің мүмкіндігін арттыра түсетінін атап өтті. Жаңалықтардың барлығы қаланы одан әрі дамытуға, сапалы қала кеңістігін қалыптастыруға, алматылықтардың жақсы өмір сүрулеріне, бизнесті дамытуға бағытталады.

Өз кезегінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Санжар Ізтілеуов жоспарланған барлық өзгерістердің жұртшылықпен және іскерлік ортамен, оның ішінде кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасы өкілдерімен кеңінен талқыланылатынын айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -