Атырау облыстық ТЖД өкілдері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады

777


11 қаңтар күні Атырау қаласының маңында орналасқан «Водниково-2» ықшам ауданында екі кішкентай бала ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен. Жеткіншектердің денесін  сүңгуірлер оқиға күнінің ертесінде тапты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержанов мәлімдеді.

Балалар  шаналары  қалып қойған  жерден 15 метр  қашықтықта, Перетаска өзенінде  табылды. Оқыс оқиғадан көз жұмған жеткіншектердің жасы 9-да болған.

- Кәмелетке толмағандардың көз жұмуы, жыл басынан бері қайталанған үшінші факт. Барлық оқиға -  демалыс күндері, ата-аналар үйде болған кезде орын алған. Біз ата-аналардан балаларын серуенге, ойнатуға жалғыз жібермеулерін, оларды қараусыз қалдырмауларын сұраймыз.  Департамент туындаған жағдайларға байланысты  профилактикалық бағытта  жұмыстар жүргізуде. 2019-2020 қыс маусымында мұз қатқалы бері 500-ге жуық тұрғынды қамтитын 133 рейд өткізілді, - дейді Асқат Ержанов.

На изображении может находиться: 1 человек, сидит и текст

Атырау облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың айтуынша, қазіргі таңда  ауа температурасы - 2 градус. Ал,  Атырау қаласында мұздың қалыңдығы 5-тен 10 см-ге дейін жетеді.  Жұқа, әлі қатып үлгермеген  мұздың салдарынан  биыл Крещение мерекесі кезіндегі  шомылу дәстүрі барлық жерде бірдей өткізілмейді.

- Үш ауданда, дәлірек айтсақ Исатай, Мақат және Қызылқоғада  шомылу дәстүрі өтпейді. Қалған аудандар мен облыс орталығында, арнайы шомылу қоршауы жасалатын болады. Шомылу рәсімінен өтуге арналған орындар  - ағаш еденмен, тұтқалармен және баспалдақтармен жабдықталады. Крещение мерекесі кезінде  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Атырау облыстық  Төтенше жағдайлар департаменті, ішкі істер департаменті және батыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару тобы қызметкерлері  кезекшілік ұйымдастырады. Құтқарушылар  тобы шұңқырда кешке дейін кезекшілік ететін болады. Азаматтарды тексерілмеген жерлерде суға түспеуге шақырамыз, өйткені мұз сынып кетуі  мүмкін, - дейді Асқат Ержанов.

 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -