Анар Жаилғанова Академиялық саяси зерттеулер институтының (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті

819



Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Жапонияның Жоғары саяси зерттеулер мектебінің (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті. Кездесу аясында Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамыту саласындағы қолданыстағы жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы және осы бағыттағы екі елдің академиялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.

МҚІА басшысы алғы сөзінде мемлекеттік қызмет институты жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудегі шешуші рөл мемлекеттік қызметшілерді оқыту және қайта даярлау болып табылатынын атап өтті. 

Жапондық әріптестермен қалыптасқан ынтымақтастықтың арқасында қолданыстағы арнайы оқыту бағдарламалары шеңберінде МҚІА басшылық құрамының бірқатар өкілдері Акихико Танака мырза басқаратын институтта оқыды немесе оқиды.

Кездесу барысында Анар Жаилғанова қонақтарды Тұңғыш Президенті-Елбасының  Ұлт жоспары -100 нақты қадамды кезең - кезеңімен жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік қызметтің отандық жүйесін реформалау туралы хабардар етті және оның болашақ даму үрдістері туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік талантты жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болып табылатын Президенттік жастар кад резервін құру бойынша жобаны жүзеге асырды.

Басқару құрамын жаңартумен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25% - ға қысқарту міндеті тұр.

Мемлекеттік басқарудың жалпы контекстінде осы екі шара  шағын, бірақ тиімділігі жоғары және кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

Жалпы, мемлекеттік қызмет саласындағы біз жүзеге асырып отырған саясат «үкіметтің тиімділігі» көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингісінде Қазақстан 20 жыл ішінде 65 позицияға, 154 - тен 89-ға дейін көтерілді», - деп атап өтті А. Жаилғанова.

Өз кезегінде Акихико Танака мырза Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Тараптар мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, икемділігі мен жауапкершілігін арттыру үшін оларды дайындау тетіктерін үнемі жетілдіру қажеттігін талқылады.

2020 жылғы 10 ақпанда доктор Акихико Танака Академияның Дипломатия институтының магистранттарына дәріс оқыды. Дәріс Шығыс Азиядағы халықаралық саясат мәселелері мен аймақтағы Жапония позициясына арналды. 

Ол сондай-ақ Солтүстік Корея ядролық мәселесі мен «Бір белдеу – бір жол» Қытай бастамасының мәселелерін қозғады, магистранттардың сұрақтарына жауап берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -