СҚО-да ауа-райы қолайсыздығы жайында полицейлер видео үндеу жасады

772



Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа-райы қолайсыздығын полицейлер видео мен WhatsApp желісі арқылы ескертуде.

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел мен көктайғақ cалдарынан полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Ауа-райының қолайсыздығынан жол-көлік апаттарына жол бермеу бойынша негізгі жүктеме патрульдік полиция мен учаскелік полиция инспекторларында.

Құқықтық тәртіп сақшыларымен ,ТЖ қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істейді.Ауа-райының қолайсыздығы туралы құлақтандыру және алыс сапарлардан бас тарту қажеттігі туралы ұсыныстар SMS – хабарламалардың көмегімен және әлеуметтік желілер арқылы жіберілді.Дегенмен, облыстың әртүрлі аудандарында жүргізушілердің басым бөлігі қар құрсауында қалды.

55 жастағы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғыны Сергей Тарасов кешке 18 ақпан Тахтаброд  ауылынан Жаңа Есіл ауылынаа жолға шыққан.

“Екатеринбург – Алматы” автожолында Рузаевка ауылының маңында қарлы дауыл салдарынан жүру мүмкін емес. Көлік колоннасынан шыққан жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін басынан аяғына дейін бақылауды патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүзеге асырды.

Сергей Тарасов бастамашылық танытып, жерлестеріне оқиға орнынан ескерту жасады. Оның 28 секундтық бейне жазбасы бір сағат ішінде солтүстікқазақстандықтардың мессенджерлері мен көршілес Ақмола облысының тұрғындары арасында кеңінен таралған.Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық полиция бөлім басшысы Айдос Ыдырысовтың айтуынша, 18 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты, полиция қызметкерлерінің қатысуымен қар кептелісінен 6 Камаз жүк көлігі, 6 фура, 10 жеңіл автокөлік және 2 “Газель”көлігі шығарылды. Жүргізушілер мен жолаушылардың бір бөлігі Рузаевка ауылының қонақ үйіне, бір бөлігі лицей жатақханасына орналастырылды.

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазір полицейлер осы ірі аудандардың барлық жолдарындағы жағдайға бақылау жүргізіп, мониторингті жалғастыруда.Облыстың басқа аймағында-Жамбыл ауданында патрульдік полицейлер мен ТЖД қызметкерлері Қытай Халық Республикасының азаматына көмек көрсетті.

32 жасар Джон Сяобо жұмыс бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Қайранкөл ауылына Renault Duster автокөлігімен жолға шыққан.Шетелдік азаматтың автокөлігі Қайранкөл ауылына  жетпей қар құрсауында қалды.Полицейлердің күшімен және жергілікті атқарушы органдарда техника ұйымдастырылып, автокөлік қардан шығарылды. Джан Сяобо смартфонға түсірілген бейне үндеуінде көмектескендердің барлығына алғысын білдірді.

Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жеке құрамды қала сыртындағы жолдардағы жағдайды тәулік бойы бақылауға және барлық мұқтаждарға көмек көрсету үшін бағыттады.

Басты мақсат-қар құрсауынан зардап шегуге жол бермеу.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -