Елорданың медицина қызметкерлері үшін қонақүйлер мен көлік берілді

562



Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында короновирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді.

Қалалық штаб тамақ ұйымдастырса, City Transportation Systems (CTS) компаниясы көлік бөлді.

Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салада жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін жаңа қаржылық қолдау пакеті бекітілетінін хабарлады.

№2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс жасайды.

№2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -