Алматыда карантинге байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың төлем мерзімі кейінге қалдырылды

451



Брифинг барысында «Тәртіп» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байтөреев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қоқыстарды шығару бойынша төлемдерді кейінге қалдыру жөніндегі бастамасын іске асыру туралы айтып берді.

«Шағын және орта бизнес қызметінің және бизнестің кейбір секторларының уақытша тоқтатылғанын ескере отырып, Алматы қаласы әкімінің бастамасымен, қаржылық жағдайы қиын жеке тұлғаларға жылдың соңына дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Бұл заңды және жеке тұлғалардың барлығына қатысты», – деді спикер.

«Тәртіп» АҚ мәліметтері бойынша, карантин жарияланғанға дейін Алматы қаласының тұрғын үй кварталдарында тұрмыстық қатты қалдықтардың (бұдан әрі – ҚТҚ) пайда болуының орташа тәуліктік салмағы 700-ден 800 тоннаға дейін жетті. Арнайы техниканы шығару үшін күн сайын 250-ден астам рейс жасап, оларға 500-ден астам адам қызмет көрсеткен. Алайда карантиннің бірінші күні тұрғындардың ҚТҚ көлемі – 1500 тоннаға дейін күрт өсті.

Бұдан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орын өзгерді. Бұрын қалдықтар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан қоқыс сұрыптау кешеніне төгілетін. Енді карантин күнінекн бастап, Қарасай ауданында қала аумағынан тыс орналасқан қалалық полигонға төгілетін болды.

Сонымен қатар Нұрлан Байтөреев қала тұрғындарын алаңдағы контейнерлерге кіре берісті бөгеп қоймауға шақырды. Себебі, бұл жұмысты қиындатады және қоқыс жинағыштарға қызмет көрсету уақытын бірнеше есеге ұлғайтады.

«Шлагбаумдар біздің машиналар үшін проблема емес, біз келгенде олар дереу ашылады. Дегенмен контейнерлік алаңдарда қалған автомобильдер жұмысымызға кедергі келтіреді. Кейбір көліктер аулаларда тәулік бойы контейнерлер алдында тұрады. Барлық тұрғындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды үздіксіз шығару үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұраймыз», – деп атап өтті спикер.

Тұрғындардың пайда болған қалдықтарынан қаланың толық тазалығын қамтамасыз ету үшін келесі жедел шешімдер қабылданады:

- полигонға рейстер саны 300-350-ге дейін артты;

- жұмыс күнінің ұзақтығы ұлғайтылды;

- қызметкерлерге бонус беру арқылы ынталандыру жүйесі енгізілді;

- экипаж санын сақтау үшін басқа қаладан келген қызметкерлерді тұрғын үймен және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды;

- арнайы техниканы, контейнерлерді және алаңдарды дезинфекциялау жиіледі;

Кейбір нысандарда қосымша контейнерлер мен экипаждары бар арнайы техника орнатылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -