Dears туындысы: Юлия Селиванова Димаштың құрметіне өлең жазып, кітап шығарған

1186



Бүгін біз Димашқа деген махаббатын шығармашылыққа айналдырған Ресей аруы Юлия Селивановамен әңгімелесіп, оның жырларымен бөлісетін боламыз.


Dears деген кімдер?

Димаштың бұл сөзі алдымен көрермендердің Қытай еліндегі бөлігіне арналды. Әнші содан соң бүкіл әлемдегі жанкүйерлерін осылай құрметпен атады.

Димаштан өзінің концерттерінде үнемі тыңдаушыларымен пікірлесіп, бұл сөзді неге жиі қолданады деп сұрағандарға жауабы мынадай: «Халық әншілерді «жұлдыз» деп атайды. Жанкүйерлерім маған үлкен сүйіспеншілікпен және құрметпен қарайды. Олар менің шығармашылығымды бағалайды, көкке көтереді. Өз кезегімде мен оларды неге бағаламауым керек. Сондықтан да осы бір Dears (қымбатты) сөзін таңдадым».

Юлия өзінің Димаштың шығармашылығымен алғаш танысқан кезі, оның әндері арқылы поэзияға бет бұрып, шабыт алатыны және басқа оқиғалары туралы әңгімеледі.

– Димаштың әндерімен қалай таныстыңыз? Сіз ол туралы қайдан білдіңіз және алғашқы әсеріңіз қандай болды?

– Мен қазіргі заманғы сахна өнеріне ешқашан қызығушылық танытқан емес едім. Классикалық музыканы, өткен ғасырдағы шетелдік орындаушыларды тыңдадым. Маған Квин, Элвис Престли, Фрэнк Синатра, Эдит Пиаф, Майкл Джексон және басқалардың шығармалары ұнайды. Бірақ 2017 жылы Димаш Құдайберген деген есім маған көбірек таныс бола бастады. Тіпті, әндерінің кереметтігімен ұнай түсті. Содан кейін үлкен қызымнан (ол қазіргі заманғы өнерпаздарды жақсы білетін, музыкалық шығармашылықпен айналысады) ол туралы не білетінін сұрадым. Содан кейін ол маған: «Апа, сіз менің Youtube-тен I’m singer әншілер байқауын тамашалаңыз. Тек бірінші раундтан бастаңызшы», деді ол маған… Осыдан соң мен Димаш туралы алғашқы өлеңімді жаздым.



– Димашты неге сонша қатты ұнаттыңыз, оған деген сүйіспеншілігіңіз неліктен оянды?

– Димаштың шығармашылығында музыка өнеріндегі бір-біріне мүлдем сәйкес келмейтін бағыттар біріктірілген. Қазақстандық әншінің арқасында мен музыканың кейбір салаларын, мысалы, рэп жанрын шыдамдылықпен тыңдай бастадым. Бұрын мен бұл музыкалық бағытты мүлде түсінбейтін едім

– Димаш туралы шығармашылық идеяңыз қайдан, қалай пайда болды?

– Менің бір айыбым сол, қандайда бір оқиғадан алған әсерімді, белгілі бір әрекетке қатысты реакциялармды қағазға түсіргенді ұнатамын. Димаштың жұмысына қызығушылық танытқан кезімде, ол туралы бейнетаспалардың барлығын көріп, сөйлеген сөздерін тыңдадым. Орындаған әндеріне жазған пікірлерді шолып, кейбір реакциялардың парақшаларын да оқыдым. Көп ұзамай «Әдемі әуен өмір сыйлайтын бұлақ» атты кітапты шығаруға жеткілікті материалдар жиналды. Бұл жинақты алғашқы нұсқасы жарыққа шықты, мен оны басуға көмектескендердің барлығына шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

– Cіз неліктен үш түрлі «кейіпкердің» атынан (Алиса, Юлия және жарық сәулесі) өлең жазасыз?

– Бұлар – әртүрлі кейіпкерлер емес, әртүрлі адамдар. Шындығында, Алиса Австрияда тұрады, ал жарық сәулесі – Семей қаласында. Бірақ біз бір-бірімізді тек хат алмасу арқылы білеміз, мен олар туралы көп дерек білмеймін. Жарық сәулесінің шын аты-жөнінен де бейхабармын, бұл – лақап аты. Алайда, бұл біздің тығыз қарым-қатынаста болуымызға және достастығымызға кедергі келтірмейді. Біздің жазу стиліміз, көзқарастарымыз әртүрлі, алайда бізде ортақ бірнәрсе бар: ол –Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген махаббат.

– Димаштың өзге де жанкүйерлерімен сөйлесіп тұрасыз ба

– Ия, әрине. Димаштың арқасында мен әртүрлі елдерден көптеген таныстар таптым. Қарағанды қаласындағы Димаш клубының мүшесімін, онда менен басқа сол аумақтан тағы 40 адам бар. Бұл, әрине, көп емес, бірақ уақыт өте келе біз одан да көп болатынымызға сенемін.

– Көпшіліктің сіздің шығармашылығыңызға көзқарасы қандай, бұл жөнінде сізге айта ма?

– Бұл сұрақты маған емес, менің туындыларымды оқыған адамдарға қойылуы керек деп ойлаймын. Пікірлер көп емес, десе де жақсыға балайтындар бар. Бұл маған ұнайды. Мен жазған өлеңдердің өзіндік ерекшелігі көп. Оның бірі жақсы, бірі көңілге қонбайды. Десе де ең бастысы оқырмандарымның бағасы деп білемін.

– Сіздің ойыңызша, Димаштың басты қасиеті қандай?

– Мақсаткерлігі. Бұл – маған да, басқа адамдарға да жетіспейтін нәрсе.

– Егер сіз Димашты кездестірсеңіз, не істейсіз?

– Жай сөйлесудің өзі қызықты болар еді. Димаш шайымен бірге ортақ тақырып таба аламыз деп ойлаймын.


© DimashNews.com
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -