Атырау облысы әкімінің мүгедектерге көмек көрсету жөніндегі кеңесшісі тағайындалады

1114


Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді. Биыл Атырау облысында  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмек көрсету порталы өз жұмысын бастады. Енді мүгедек адамдардың  өзіне қажетті жабдықтар мен қызметтерді онлайн режимде алуға мүмкіндігі бар.  Аталған портал жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 

- Мүгедек жандарға көмектесу бағытында облыс әкімінің кеңесшісі тағайындалатынын атап өткім келеді. Кеңесші  мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге жағдай жасап, байланыс орнататын  болады. Мүмкіндігі шектеулілерге қалыпты жағдай жасау, олардың өмір сапасын жақсарту  үнемі біздің назарымызда болмақ, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -