Skip to main content
11 Сентября 2018  13

Д. Ақышев кредиттеуді одан әрі ынталандыру туралы айтып берді

Д. Ақышев кредиттеуді одан әрі ынталандыру туралы айтып берді

Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша тамыздың соңында 30,8 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері 56,5 млрд. АҚШ доллары болды. Жалпы халықаралық резервтер 87,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі ТөрағасыД. Ақышев ҚР Үкіметінің «Әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 8 айдағы қорытындылары туралы» отырысында баяндама жасаған кезде айтты. 

 Д.Ақышевтың айтуы бойынша, 7 айда депозиттер 3,6%-ға ұлғайып, шілденің соңында 18,1 трлн. теңге болды. 2018 жылғы 7 айда Ұлттық валютадағы депозиттер
8,4% немесе 766 млрд. теңгеге өсті. Шетел валютасындағы депозиттер 1,5%-ға немесе
128 млрд. теңгеге қысқарды. Нәтижесінде, депозиттердің долларлануы жыл басындағы 48%-дан шілдеде 45%-ға дейін төмендеді. 

«Кредиттеу нарығы қалпына келуде. Банктердің кредиттері шілденің соңында
13 трлн теңге болды. Статистика банктердің кредиттік портфелінің өзгермейтінін көрсетсе де, сапалы өзгерістер болуда», - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы. 

Сонымен қатар Д. Ақышевбірқатар банктердің жабылуы және жекелеген институттардың қалыпқа келуі нәтижесінде кредиттік портфель 1,2 трлн теңгеге қысқарғанын атап өтті. Бұл институттардың кредиттері енді есептілікте көрсетілмейді. Алайда, басқа банктер кредиттік портфелін 1,4 трлн теңгеге өсірді.

«2018 жылғы 7 айда берілген кредиттердің көлемі 28% немесе 1,6  трлн теңгеге ұлғайды. Кредиттердің негізгі бөлігі теңгемен беріледі. Кәсіпорындарға теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,4%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады ол. 

Д. АқышевҚазақстан  Ұлттық Банкі кредиттеуді одан әрі ынталандыру бойынша бірқатар бастаманы іске асыруда екендігін атап өтті. 

7-20-25 бағдарламасын іске асыру мәселелеріне қатысты Д. Ақышевекі айдан аз уақытта 18 млрд теңгеге өтінім мақұлданғанын айтты. Бұл бағдарламаның кредиттеудің жылына 200 млрд теңгеге өсу мүмкіндігін растайды Тиісінше,  банктер 5 жыл ішінде 1  трлн теңге ипотекалық кредиттер бере алады, бұл банктердің ипотекалық портфелін екі есе арттырады. 

«Бастаманың біреуі - БЖЗҚ  қаражатын орнықты банктердің облигацияларын сатып алу үшін абайлап пайдалану. Банктер БЖЗҚ-ның салыстырмалы түрде көп емес қаражатты нарық ставкасы бойынша ашық негізде алады», - деді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы. 

Сондай-ақ Д. Ақышевтың айтуынша, банктерді қалыпқа келтіру бағдарламасы кредиттеуді одан әрі ынталандыруға ықпал етеді, ол кезде мемлекеттің қатысуының орнына акционерлер 1-ге 2 пропорцияда толық капиталдандыруға тиіс. Банктер алған қаражат «нашар» кредиттерді есептен шығаруға жұмсалды, бұл оларға экономиканы кредиттеу үшін қаржыны  босатуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде 1,3 трлн теңге қайта қаржыландырылды, оның 500 млрд теңге сомасына жаңа кредит берілді.

«Тәуекелге бағдарланған қадағалауды ендіру шеңберінде қалыпты банктер үшін 2019 жылдан бастап жеңілдіктер қолданылады. Халықаралық нарықтардан қаражат тартуды шектеу бойынша кейбір нормативтердің күші жойылды. Банктерді қорландыруды ұзартатын жинақ депозиттері енгізілді. МЖК дамыту үшін жобаларға қатысатын кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін банктердің кредиттерін белсенді пайдалану мәселесі шешілді», - деп атап өтті сөзінің соңында Д. Ақышев.