Skip to main content
12 Сентября 2018  6

Ұлттық қордың теңгемен инвестициялық кірісі 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта 400,9 млрд. теңгені құрады

Ұлттық қордың теңгемен инвестициялық кірісі  2018 жылғы бірінші жартыжылдықта  400,9 млрд. теңгені құрады

2018 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісі оң теңгемен қайта бағалауды ескере отырып 400,9 млрд. теңгені құрады.

Кезекті рет жекелеген БАҚ-та Қазақстан Ұлттық қорының 2018 жылғы 785 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестициялық шығыны туралы ақпарат пайда болды.

Осыған дейін түсіндіргендей, шын мәнінде 785 млрд. теңге Ұлттық қордың іс жүзіндегі инвестициялық шығыны болып табылмайды. Бұл сан бағамдық айырманы ескере отырып, 2018 жылғы 1-тоқсанның соңындағы инвестициялық нәтижені көрсетеді. Ақпараттың бастапқы көзі Қаржы министрлігі жариялайтын ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп болып табылады. Бұл есеп ұлттық валютада жасалған және онда ҚР Ұлттық қорының кірістілігі есептелетін базалық валютадағы (АҚШ доллары) активтерді басқарудан инвестициялық кіріс туралы ақпарат жоқ.

2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша басқару нәтижелері бойынша (-)785 млрд. теңге шығын 67 млрд. теңге мөлшеріндегі іс жүзіндегі инвестициялық кірістен  және теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша (–) 852 млрд. теңге болатын теріс айырмадан тұратынын атап өтеміз, ол осы кезеңде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының нығаюына байланысты. Осылайша, 2018 жылғы 31 наурыздағы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының бағамы тиісінше 318.31 теңге және 332.33 теңге болды.

Сонымен қатар кейбір БАҚ ҚР Ұлттық қорының кірісі деп атайтын, Қаржы министрлігі жариялайтын ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы 2018 жылғы 1 қыркүйектегі есепте қамтылған 1,2 трлн. теңгені ҚР Ұлттық қорының кірісі деп атайтынын атап өтеміз, ол кіріс болып табылмайды, 2018 жылғы 1-тоқсандағы теңгемен инвестициялық нәтижелерді ескере отырып қорға 2018 жылғы 8 айдағы нетто-түсімдерді көрсетеді.