Перейти к основному содержанию
29 Декабря 2018  25

2018 жылы жанармай қаншалықты арзандады

2018 жылы жанармай қаншалықты арзандады

Әбден қалыптасқан дәстүрге қарамастан, 2018 жылы АИ-92 қымбаттаудың орнына біршама арзандады. Ал дизель жайлы бұлай дей алмаймыз...

Өтіп бара жатқан жыл төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартумен, сондай-ақ дизель бағасының шарықтап, ең өтімді АИ-92 маркалы бензиннің құнынан асып түсуімен есте қалды. Дәл осы тұста артта қалған 12 айдың ішінде бағалардың қалай өзгергенін саралап көрейікші.

АИ-92 бензині

2018 жылы бензинге қатысты қызық жәйттер болды. Қаңтар айының басында елдегі жанармай құю бекеттерінде 92-бензиннің бір литрі үшін 157-162 теңге сұралған-тын. Жыл басынан сәуір айына дейін бұл отынның бағасы 163-ке жеткенше сәл-пәл өсіп отырды. Ал одан кейін құлдырай бастады. Желтоқсан айының соңына қарай оның құны 155-156 теңгені құрады. Салыстырар болсақ, 2017 жылдағы 12 айдың ішінде тоқсан екінішінің құны елде 135.8 межесінен 158.8 деңгейіне дейін көтеріліп, 17 %-ды көрсеткен болатын.

Қазақстандағы бензиннің орташа бағасының 2018 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі өзгеру қарқыны

Дизельді отын

Бензинмен жүретін көліктердің иелері үшін биылғы жыл біршама жақсы өткен болса, газ баллон орнатқандар жайлы олай айта алмаймыз. Өткен қаңтарда ауыр отынның бір литрі үшін жүргізушілер 155-тен 160 теңгеге дейін қаржы жұмсайтын. Ақпаннан бастап оның құны шарықтап кетті. Бекеттердегі баға ай сайын ауысатын болды. Көктемнің басында ауыр отынның орташа құны 160.6 теңгені құрап, ал соңына қарай 171.4 теңге межесіне бірақ жетті. Күзде дизель құнының тым шектен шыққаны соншалық, АИ-98 маркалы бензиннің бағасынан асып түсті.

Қазақстандағы дизельді отынның орташа бағасының 2018 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі өзгеру қарқыны

Қараша айында дизельді отынның қымбаттау себептерінің бірі болып табылатын Қазақстандағы акциздері төмендеді.Энергетика министрлігіндегі шенділердің айтуынша, бұл оқиғадан кейін отынның құны төмендеуі тиіс еді, бірақ олай болған жоқ. Қараша айында да, желтоқсан айында да дизель 191-194 теңгеден сатылуда.

Сонда не болғаны?

2018 жылдағы 12 айда АИ-92 маркалы отынның құны 158.8-ден 155.8 теңгеге дейін төмендеді, яғни бензин үш теңгеге арзандады. Ал мүлде басқа бағытта жылжыған дизельді отындағы айырмашылық — 35.4 теңге. Қаңтар айында оның құны 157.4 теңге болса, ал желтоқсанның соңғы күндері 192.8 теңгеге жетіп жығылды.

 

Kolesa.kz