Перейти к основному содержанию
27 Декабря 2018  19

Мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынбайтын болды, әзірше

Мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынбайтын болды, әзірше

Об отказе от идеи строительства ещё одного НПЗ в Казахстане высказался министр энергетики Канат Бозумбаев.

Қазақстанда тағы бір мұнай өңдейтін зауытты салу идеясынан бас тартылғаны жайлы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Астанада өткен брифингте энергетика министрі Қанат Бозымбаев елде төртінші мұнай өңдейтін зауыттың құрылысына қатысты талқылаудың нүктесін қоюға тырысты. Оның айтуынша, зауыттың қажеті жоқ, дегенмен бірнеше «бірақ» дейтін тұстар бар.

— Төртінші мұнай өңдейтін зауыт әзірше салынбайды. Болды. Неге? Себебі «ҚазМұнайГаз» екі дүниежүзілік компанияны тартты. Энергетика министрлігі басқарған жұмыс тобының жетекшілігімен жүзеге асқан жаңғыртудың арқасында 2026-2027 жылға дейін біздің қолымызда жақсы лаг (қор. — ред.ескерт.) барын бізге, ал біз үкіметке баяндадық. Ал егер біз коммуналды көлік құралдары мен көліктің басқа да түрлерін газдандырар болсақ, онда бұл 400 мыңнан 500 мың тоннаға дейін дизельді отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. 2030 жылға дейін ішкі нарыққа жаңа қуаттың қажеті болмайды, — деп мәлімдеді Бозымбаев.

Шенді елде мұнай өнімдерін пайдалану көлемі 10.5 млн тонна межесіне жеткенде төртінші мұнай өңдейтін зауыттың құрылысына қатысты мәселеге қайта оралатынын атап өтті. Яғни, бұл іске әлі нүкте қойылған жоқ.

 

Kolesa.kz