Балқандағы Абайдың 175 жылдығына арналған мерекелер

837



Ү.ж. 7-8 ақпанында Босния және Герцеговина астанасы - Сараево қаласында халықаралық «Сараево қысы» фестивалінің ашылуы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған опера сахнасы солистерінің концерті өтті. Мәдени іс-шара ТҮРКСОЙ мен Қазақстанның Хорватия, Босния және Герцеговина мен Черногориядағы Елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырылды.

Ү.ж. 7 ақпанда фестивальдің ашылу салтанатында «Астана Опера» солисті Жұпар Ғабдулина және Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының солисті Талғат Күзембаевтың орындауында «Абай» операсынан ариялар шырқады. Халық әндерін орындаушы Жанаргүл Сәркенова домбырада Абайдың өлеңдеріне жазылған лирикалық әндерді орындады. Музыкалық сүйемелдеуді жас дирижері Рустам Рахмедовтың жетекшілігімен Сараев филармониялық оркестрі қамтамасыз етті.

Фестивальдің екінші күні қазақстандықтар Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстанның жетекші опера солистерімен бірге Абайдың шығармашылық мұрасына арналған «Түркі әлемінің опера жұлдыздары» концертін қойды. Абайдың «Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма», «Есіңде бар ма жас күнің», «Көзімнің қарасы» және басқа да әндері шырқалды, сонымен қатар түркі әлемінің жетекші солисттерінің орындауындағы «Абай» операсының тақырыптары бойынша вариациялар орындалды.

Фестивальге қатысушылар мен қонақтар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Абайдың адамгершілік, руханият және гуманизм мұраттарына толы шығармашылық мұрасының дүниежүзілік маңыздылығын атап өтті. Дипломат, мерейтойға орай Абайдың таңдамалы шығармаларының топтамасын көпшілік назарына босния тілінде ұсынылатынын мәлімдеді. Елшінің Сараево университетінің ректоры Рифат Шкриельмен кездесуінде Абайдың рухани мұрасы туралы ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.       

ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесінің қолдауымен 1984 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Сараево қысқы фестивалі - Балқандағы мәдениет пен өнердің ең үлкен форумы болып табылады. 35 жыл ішінде фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 3,5 миллионнан астам қонақ қатысты. Биыл фестивальдің мәдени бағдарламасы Бетховеннің 250-жылдығына және Абайдың 175-жылдығына арналған. Фестиваль бағдарламасына алғаш рет қазақтың ұлы ақыны және ағартушысының өлеңдеріне арналған музыкалық туындылар енгізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -